Атырауда «Шығыс пен Батыс тоғысқан Сарайшық» атты халықаралық ғылыми симпозиумның екінші күні өтті. Қатысушылар Махамбет ауданына барып, тарихи Сарайшық қаласының орнында жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарының барысымен танысты. Іс-шараға Түркі әлемінің халықаралық ұйымдары, ғалымдар мен музей саласының мамандары қатысып, ортағасырлық қала мұрасының қазіргі жай-күйі мен келешегін талқылады.