Заң мен тәртіп жалпыға ортақ міндет екенін түсінетін уақыт жетті. Яғни, әр азамат кез келген заңға қайшы әрекетке төзбеушілік танытқанда ғана қоғам алға жылжиды. Ол үшін қазіргі қолданыстағы құқықтық нормативтік акт толық қамтамасыз етілген. Тек оның орындалуына әрбір тұлға немқұрайлы қарамауы тиіс. Сондықтан сақшылар Атыраудағы жоғарғы оқу орындарының студенттеріне құқықтық сауаттылық туралы дәріс оқыды. Болашақ заңгер мамандардың қандай болу керек екенін түсіндірді.