Өңірде «Ауыл аманаты» жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр. Бағдарламаның шапағатын әсіресе ауыл тұрғындары көруде. Дені кәсіп ашып, ел экономикасына үлес қосып жатыр.Былтыр 190-тұрғын өз бизнесін ашқан. Бір қуантарлығы, кәсіпке бет бұрғандардың басым бөлігі қыз-келіншектер екен.