Өңірде тұқым шаруашылығын дамыту керек. Бұл туралы AMANAT партиясының облыстық филиалында экономиканы, кәсіпкерлікті және аграрлық секторды дамыту жөніндегі аймақтық кеңес отырысында айтылды. Жиында ауыл шаруашылығына жаңа технология енгізу, өндіріс көлемін ұлғайту және экспорт әлеуетін арттыру мәселелері жан -жақты талқыланды. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті қолдау мен инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар пысықталды. Ауыл шаруашылығы саласының ардагері Бақтыбек Таубаевтың пікірінше салада тұқым шаруашылығын жетілдіріп, минералды тыңайтқыштарды қолдану тәсілдерін арттыру қажет.