Атырауда мүмкіндігі шектеулі жандар пара-хоккей және боччадан өзара сынға түсті. «Біз де адамбыз» қоғамдық қоры ұйымдастырған облыстық спартакиаға 50-ден аса спортшы қатысып, күштерін сынады. Барлығы бочча бойынша 8 команда және пара-хоккей бойынша 4 команда болды.