Қалалық ішкі саясат бөлімінің бастамасымен Сұлтан Бейбарыс алаңында Республика күніне арналған кең ауқымды концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Шараның мақсаты — еліміздің Тәуелсіздігі мен бірлігін дәріптеу, жастардың отансүйгіштік рухын көтеру және ұлттық өнерді насихаттау болды.