Қазан айының соңғы жексенбісі - автожол саласы қызметкерлерінің күні. Жыл басында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы бұйрық шығарып, кәсіби мерекелер тізбесіне осындай өзгеріс енгізген еді. Айтулы күн қарсаңында өңірдің жол саласына үлес қосқан ардагерлер мен тәжірибелі мамандар марапатталды.