1990 жылы 25 қазан күні Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, Тәуелсіздігіміздің негізі қаланды. Бүгінде бұл тарихи дата ұлттық мереке ретінде кеңінен аталып келеді. Осыған орай Қызылқоға ауданында салтанатты жиын өтті.