Биыл республикалық бюджетке 21 трлн 600 млрд теңге кіріс түскен. Оның 15 трлн 200 млрд теңгесі – салық түсімдері. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 23,4 пайызға көп. Қаржы министрлігінің мәліметінше, есепті кезеңде 8 айда 791 аудиттік тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде 337,5 млрд теңгенің заңсыз жұмсалғаны анықталып отыр.