Тері күюі – күнделікті өмірде және өндірісте жиі кездесетін жарақаттардың бірі. Мәселен соңғы үш айда облыста 180 бала осы мәселе бойынша дәрігерге жүгінген. Бұған қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп дейді дәрігерлер. Мұның алдын алу мақсатында емханаларда тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.