Атырау облысының Жылыой, Индер және Мақат аудандарында шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау өтті. Дауыс беру барлық учаскелерде таңғы жетіден кешкі сегізге дейін жалғасты. Саяси науқанға сайлаушылар белсенді қатысып, жаңа депутаттар сайланды. Сайлау процесі заң талаптарына сай ұйымдастырылды.