БАЛАЛАРДЫҢ ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУ ОҚИҒАЛАРЫ АЗАЙМАЙ ТҰР. Мәселен Жыл басынан бері өңірде терезеден құлау бойынша 8 жағдай тіркелген. Олардың дені – 3 пен 9 жас аралығындағы балалар. Мұндай қайғылы оқиғалар, әдетте, көпқабатты тұрғын үйлерде орын алады. Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беруге шақырады.