«Ұлттық цифрлық мұрағат құрып, оны еліміздегі және шетелдердегі нейрожүйе жасаушылардың еркін пайдалануына мүмкіндік беру керек». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төртінші Ұлттық құрылтайда осылай деді. Бастама Үкімет пен қоғамда кеңінен талқылауға түсті. Архив ісі мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы заң жобасын Мәжіліс те мақұлдаған еді.