Атырау қаласында Қазақстанның Халық қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігі туралы баяндайтын «Капитан Байтасов» көркем фильмінің көрсетілімі өтті. Бұл туынды өз өмірін қатерге тігіп, бейбіт тұрғындардың өмірін сақтап қалған батыр азаматтың ерлігі мен адамгершілігін терең бейнелейді. Көрсетілімге қатысқан атыраулық полицейлер мен көрермендер туындыға жоғары баға берді.