Қазіргі қоғамда жастардың рухани тұрақтылығы мен сана тәрбиесі – ел болашағы үшін аса маңызды тақырыптардың бірі. Осы мақсатта «Жастардың рухани иммунитеті - қоғам мен білім беру ұйымдарының ортақ жауапкершілігі» атты қалалық форум ұйымдастырылды. Жиынға педагогтар, құқық қорғау органдарының өкілдері мен оқушылар қатысты.