Қазақстан үш жылда цифрлық елге айналмақ. Президент жаңа технологияларға басымдық берді. Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу. Енді ел өміріндегі барлық салаға цифрлық шешімдер енгізіледі. Қазақстан көштен қалмай, керісінше көш ілгері жүру үшін экономиканың барлық саласына ақылды жүйе енгізбек. Жасанды интеллект министрлігі де құрылатын болды.