Қыркүйек айынан бастап облыста дәстүрлі күзгі балық аулау маусымы ресми түрде ашылды. Бұл науқан Жайық пен Қиғаш өзендерінде, сондай-ақ Каспий теңізінің жағалау аймақтарында кең көлемде жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, маусым барысында заңсыз аулауға жол бермеу, экожүйені сақтау және балық қорын көбейту шаралары қатар жүзеге асырылмақ.