Халықаралық жастар күніне орай Atyrau Jastar Fest-2025 гала-концерт өтті. Ауқымды мәдени шараға 20 мыңнан астам көрермен қатысып, жастарға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Концерт барысында өнер, білім, спорт пен шығармашылық бір алаңда тоғысып, жастарға ерекше әсер қалдырды.