Әлемде қиындығы мен қызығы қатар жүретін алуан түрлі мамандық бар. Солардың арасында көзге көрініп, көпке елене бермейтін, бірақ қоғамда маңызы зор жұмыстар көптеп кездеседі. Соның бірі – теміржол күзетшісі. Атыраулық Ақылбек Жұмабаев осы саланың білгір маманы. Ол шойын жол бойындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, ауыр жүктер мен вагондардың бүтіндігіне, олардың межелі жеріне мезгілінде жетуіне жауап береді.