Биыл әдебиет алыбы Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл. Осыған орай елдің әр өңірінде жүзден аса шара өткізілмек. Абай шығармашылығы мен мол мұрасын насихаттап, зерттеп жүрген атыраулық жастар көп. Абай есімі – тек қазақ мәдениетінің символы ғана емес, өткен мен бүгінді, болашақты байланыстырып тұрған тірі көпір.