Шаһарда «Тіл саясаты және көрнекі ақпарат: заң және практика» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Іс-шарада облыстағы көрнекі ақпарат құралдарының заңнама талаптарына сәйкестігі, жарнама мәтіндерінің мемлекеттік тілде дұрыс ресімделуі және бұл бағытта орын алып отырған олқылықтар талқыланды. Жиынның басты мақсаты – тілдік мәртебені арттырып, бір тұтас қоғамды осы сынды әрекеттерге жұмылдыру.