Елімізде шілденің екінші жексенбісі балықшылар күні тойланады. Қара алтынымен ғана емес, бекіре балығымен танымал Атырау өңірі бұл мерекені жылда ерекше атап өтеді. Биыл да сол үрдістен айнымай, балық өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастырып, кемелер шеруін өткізді. Ардагерлер марапатталып, балықшылардың еңбегі еленді.