Биыл реновация аясында өңірде тоғыз мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Бұл — білім беру инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған үш жылдық жоспардың алғашқы кезеңі. Жалпы 2025–2027 жылдары облыс бойынша 97 мектеп дәл осындай жөндеуден өтуге тиіс.