12 ауылдық округ әкімдерін қайта сайланады. Атап айтсақ, Қайыршақты, Еркінқала және Индер ауданындағы Жарсуат ауылдық округі, Жылыой ауданында Қараарна ауылдық округі, Исатай ауданы Аққыстау ауылдық округі мен Құрманғазы ауданының Орлы, Ақкөл, Асан, Теңіз, Сафон ауылы. Сондай-ақ, Қызылқоға ауылы мен Махамбет ауданы Ақжайық ауылдық округінде әкім сайлауы өткізілмек. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау барысы ашық әрі әділ өтуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Бақылаушылар науқанның заң шеңберінде өтуін қадағалайтын болады.