«Таза Қазақстан» акциясы қарқынды түрде жалғасып жатыр. Елімізде жыл сайын 3.7 млн тоннадан астам коммуналдық қалдықтар жиналып қалады. Ал оларды қайта өңдеу деңгейі былтыр 30 пайызға жуықтаған. Бүгінге дейін «Таза Қазақстан» акциясына өңір бойынша 86 мыңға жуық адам қатысқан. Оның 25 мыңы еріктілер. «Жасыл ел» жастар жасағы да акцияға жұмылдырылуда.