Атырауда алименттен және борышын төлеуден жалтарып жүргендерге қарсы кең ауқымды рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Оған облыстық полиция департаменті, әділет департаменті және мемлекеттік сот орындаушылары қатысты. Шараның негізгі мақсаты – сот шешімімен белгіленген алименттік міндеттемелерін орындамай жүрген борышкерлерді анықтап, жауапкершілікке тарту.