Халықаралық федерацияның бастамасымен 1966 жылдың 20 шілдесінен бері зияткерлік ойын күні аталып өтеді. Қазір шахмат әлемде кең тараған ойынға айналды. Бұл сайыс – Қазақстанда да танымал спорттың бірі. Бүгінде аймақта балалар мен жасөспірімдер арасында шахмат қарқынды түрде дамып келеді.