Облыста төрт бірдей ауылдың тұрғындары шілденің шіліңгір ыстығында тіршілік нәрінен тарығып отыр. Елдімекен жұрты әлі күнге дейін ауыз суды ұңғымадан арнайы техника арқылы тасып ішуге мәжбүр. Бірақ арнайы құрылғы қысымды көтермей, қайта-қайта істен шығады екен. Соның салдарынан халық аптапта аңқасы кеуіп отыр. Жуына алмай, бау-бақша суара алмай қиналатын қараша бұл жағдай жылда қайталанады деп күйінеді.