Өңірде шомылу маусымы әлі басталған жоқ. Бірақ соған қарамастан жабайы жағажай бетін торуылдап, шомылып жүрген атыраулықтардың қарасы көп. Жалпы аймақта арнайы рұқсат етілген орын белгіленбеді. Тек биыл екі жағажай ғана сенімгерлікке берілген. Аптап ыстықта аңқасы кепкен жұрт шомылатын арнайы орындар әлі күнге жоқ екеніне айтып наразылық білдіруде. Тақырыпты тілші тарқатады.