Атырауда демаламыз деп хауызға барған тұрғындар демін ала алмай, уланып қалды. Хлордан жағдайы күрт нашарлаған 3 бала тіпті жансақтау бөліміне түскен. Оқиға болған орталықтың басшылығы кінәні мойындайды. Бірақ құзырлы органдардың айтары басқа.