Мақат ауданында мұнай шламдарын жинап, жоюды міндетіне алған мекемеге экология департаменті 37 млрд айыппұл салды. Алайда, жауапты компания мемлекетке түсетін қыруар қаражатты әлі күнде төлемей, жалтаруда. Мақат пен Доссор кентінің ортасына жиналған қарамай қалдықтары көлге айналып мал өрісін ластап жатыр. Тұрғындар мұнай қалдығы енді іргедегі Сағыз өзеніне құйылса, күніміз не болады деп дабыл қағуда.