Биыл елімізде 11 мыңнан астам азамат қорқор, яғни кальян тартқаны үшін жазаланған. Қазақстанда кальян шегуге қатысты заңнамалық шектеулер бірнеше жылдан бері қолданылып келеді. 2020 жылы қабылданған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 110-бабының 5-тармағына сәйкес, қоғамдық орындарда, оның ішінде қоғамдық тамақтану орындарында кальян шегуге тыйым салынған. Бұл тыйымға қарамастан, кальян шегу кейбір мекемелерде әлі күнге дейін жалғасып келеді. Денсаулыққа темекіден де көп зиян келтіретін улы түтінге жұрт неге сонша құмар?