Өңірде балық шаруашылығы саласының мамандары марапатталды. Салтанатты жиынға ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин арнайы келіп, сала қызметкерлеріне алғыс хаттар мен төсбелгілерді табыстады. Сонымен қатар, вице-министр ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың арнайы алғыс хатын да жеткізді.