Су шаруашылығы және ветеринария қызметкерлерінің еңбегі еленіп, түрлі мемлекеттік наградалар табысталды. Жұмысы көзге көрінбейтін, бірақ еңбегі орасан бұл жұмысшылардың басым бөлігі бүгін марапат төрінен табылды. Оларға «Еңбек ардагері», «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет Грамотасы» берілді. Кәсіби мерекеде құрметке бөленген азаматтарға Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов ҚР Премьер-Министрі мен аймақ басшысының құттықтауын жеткізді.