Атыраулық оқушы Мұқағали Мақатаевтың 361 өлеңін жаттаған. Ақиық ақынның шығармалары кез-келген жанның көкейінде сайрап тұр. Бұл дәстүрді мектеп оқушылары да жалғастырып жүр. Қаладағы №36 мектеп-гимназиясының оқушысы Нұралы Нұрмерел республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларында өзгелерден оқ бойы озық шығып, бас жүлдені иеленді.