Мұғалім – оқушы – ата-ана үштігі бір байланыста болмақ. Өйткені сарапшылардың айтуынша, бүгінде ата-аналар мектеп түгілі балаларымен дұрыс бағытта қарым-қатынас орнатпайды. Сол себепті бұл үштіктің ынтымақтасығын нығайту маңызды. Осыған байланысты аймақта педагогтарға арналған «Ата-ана мен мектептің мейірімді әлемі» тақырыбы аясында Atyrau Teachers Summit -2025 ішарасы өтті. Саммитке облыс бойынша 600-ден астам мұғалім қатысты.