Атыраулық Жас өрендер халықаралық «Самарқанд – мәдениеттер тоғысы» фестивальіне қатысып келді. Өнерпаздарды теміржол вокзалынан ата-аналары мен жақынддары бар сән салтантымен қарсы алды. Айта өтейік, фестиваль 21-наурыз Халықаралық Дау синдромы бар адамдар күніне орай ұйымдастырылды.Оған Өзбекстан, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген 80-нен аса өнерпаз белсенді қатысқан. Аталған жарыс Самарқанд қаласында бесінші рет ұйымдастырылып тұр. Атыраулық күн сәулелі балалар этно стильдегі сән көрсетелімін көрсетті. «Волшебник изумрудног города», «Сұлтан Сүлейман» сияқты сахналық қойылымдарын сомдап, көрермен ықыласына бөленді. Сондай-ақ түрлі би нөмерлеріменде ерекшеленді