«Ұлттық спорт» күніне орай орталық алаңда қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, ләңгі тебу сынды спорт түрлерінен ауқымды жарыстар өтті. 250 ден астам қатысушы өз шеберліктерін көрсетіп, бақ сынаған. Іс-шара облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.