Батыс жұрты - Наурызнаманың әр күнін атаусыз қалдырып жатқан жоқ. Көрісуден басталған мереке салт-дәстүріміздің шырайын ашты. Бұған дейін 3 мыңнан аса қала тұрғыны мен қонақтары ұлттық киімін киіп, сән-салтанатымен шеруге қатысты.Бұдан бөлек, "Нұрлы тал" этно-ауылында да ақшаңқан киіз үй тігіліп, балғындарға арналған мерекелік шара әкімдік қолдауымен жүзеге асты. Балалар дәмнен ауыз тиіп, түрлі сыйлықтарға ие болды.