Атырау облысында 16 мектеп пен екі қосымша ғимараттың құрылысы жүріп жатыр. Оның 9-ы ауылдық жерде. Өңірдегі үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесін шешу үшін алдағы 3 жылда 28 білім ошағы салынады. Жалпы биыл елде 500 мың оқушыға арналған 200-ден аса мектеп салынады. Мемлекет басшысы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда осылай деді.