Президент Қасым-Жомарт Тоқаев IV Ұлттық құрылдайда елімізде театр өнеріне қызығушылық артқанын ерекше атап өтті. Расында да, қазір қазақ театрлары тек елімізде ғана емес, халықаралық деңгейде танылып жүр. Бір жыл бұрын ресми түрде ашылған Атырау Жастар театры 27 наурыз Халықаралық театр күнін кең көлемде атап өтті.