Атырау облысы Құлсары қаласындағы Жем өзенінде су көтерілді. Қауіптің алдын алу үшін қазір аудандағы өзен сағаларын түптереңдету, бөгет соғу жұмыстары басталды. Су басу қаупі бар елдімекендер анықталды. Бұдан бөлек, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарынан жүзден аса төтенше жағдай департаментінің қызметкері көмекке келген.