Биыл облыста мешітке барушы жамағат қатары көбейген. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 6000-ға жуық адамға артқан. Әсіресе, дінге бет бұрушылардың басым бөлігі жастар. Ендігі мақсат - олардың жат ағымнның жетегінде кетпей, ұлттық құндылықты сақтаған, сауатты болуларына қарай көңіл бөлу. Өйткені, бұл тақырыптар қазір республика көлемінде өзекті. Президент кезекті құрылтайда: Діннің миссиясы ұлтты-біріктіру деп тапсырған болатын. Сондықтан, бұл жолғы облыстық форумда:"Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес: мемлекеттік оргондардың бірлескен іс-қимыл тақырыбы қаузалды.