Атыраулықтар әз – Наурыз кең ауқымда атап өтті. Халқымыздың айшықты мерекесін тойлауға жиналған халықтың қарасы қалың болды. Орталық алаңда мейрамды тойлаушылар наурыз көже ішіп, ұлттық тағамдардан дәм татты. Ал аймақ басшысы Серік Шәпкенов киіз үйлерді аралап, тұрғындарды жыл басымен құттықтады.