Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі қарсаңында Атырау телеарнасы ұлттық құндылық пен салт-дәстүрімізді дәріптейтін шағын телехикаяны көрермен назарына ұсынбақ. "Наурыздың 7 кереметі" деп аталатын сериал 7 бөлімнен тұрады. Әр бөлімде салт - дәстүр, ұлттық тағамдар мен әдет-ғұрыптар насихатталады. Сондай-ақ, қарапайым қазақ отбасының тыныс-тіршілігін бүкпесіз баяндайды.