"Наурыз жұмыскер"бағдарламасына өтінім қабылдау жүріп жатыр. Бүгінде Отбасы банк жетпіс екі миллиард теңге бөледі. Осының арқасында елімізде екі мың төрт жүз қырық жұмысшы кәсіптің өкілдері қолжетімді қарыздар алып, тұрғын үй мәселесін шеше алады. Атырау облысы бойынша жетпіс тоғыз адам өтінім берген. Олардың жетпіс бесеуі мақұлданды.