Ұлыбританиядағы Рединг университетінде Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетімен бірлесіп іске асырылатын жаңа халықаралық жобаның тұсаукесері өтті. Жоба Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігінің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Бұл бизнестің экономикадағы рөлін нығайтып, Қазақстандағы стартаптар мен шағын бизнес үшін жағдайларды жақсартуға ықпал етеді деп күтілуде.