"Таза Қазақстан" акциясы аясында 500 тонна қоқыс жиналды. Жалпы аймақта 100-ден аса сенбілік ұйымдастырылған. Науқанға мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен қатар тұрғындар, белсенді жастар мен мәслихат депутаттары да қатысуда. Бүгін сол азаматтар шаһардағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағын тазалады. Жалпы әкімдік өңірдің ластанған аумақтарының кешенді картасын әзірлеген. Сол жоспар бойынша апта сайын қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізіліп тұрады.