Атыраудағы ірі сауда үйінен өрт шықты. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Бас аяғы жүзден аса адам дер кезінде эвакуацияланды. Бұл кезекті төтеншеліктердің арнайы сценарий бойынша жүргізген оқу жаттығуы. Мамандар осылайша шахардағы ірі сауда нүктелерінің өрт кезіндегі техникалық базасын тексерді. Ай сайын ұдайы сақтық үшін алдын алу жұмыстарын жүргізіп тұрады. Шараға 8 техника мен 40-тан аса жеке құрам жұмылдырылды. Акция мақсаты -өрт сөндіру кезіндегі жауынгерлік дайындықты пысықтау, сауда орындарының, ойын-сауық кешендерінің тактикалық жағдайымен, конструкциялық ерекшеліктерімен танысу дейді,-төтеншеліктер.