Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Осыған орай, Атырауда «Ұлы даланың ұлттық ойындары мен дәстүрлері» атты республикалық фестиваль ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ, облыста «Келісім, бірлік, ынтымақтастық» республикалық форумын өткізу жоспарда бар. Ассамблеяның өзге ұлт өкілдеріне берер мүмкіндігі мол. 150-ден астам этно-бірлестік өз ана тілдерінде еркін сөйлеп, ұлттық дәстүрлерін сақтауда. Солардың бірі, кәріс ұлтының этно бірлестігі.